Бүгінде шаһардағы барлық провизорлы стационарда 729 адам жатса, 760 тұрғын үй каратинінде
Алматыдағы 11 науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
11 адамның 9-ы шет мемлекеттен келсе, қалған екеуі олармен байланыста болған тұрғындар. Сондай-ақ, басқарма басшысының сөзінше, соңғы тіркелген 3 адаммен байланыста болғандардың барлығы стационарға жатқызылды. Бүгінде шаһардағы барлық провизорлы стационарда 729 адам жатса, 760 тұрғын үй каратинінде.
«Үй жағдайында оқшауланған барлық адамдарға емхана қызметкерлері Тұрғындардың өз денсаулығына және айналасындағы адамдардың денсаулығына деген жеке жауапкершілігі мен азаматтық саналылығына үлкен үміт артамыз», – деді қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан ӘБІЛДАЕВ.