Алматыда коронавирусқа байланысты туристік нысандар жабылды

19.03.2020 16:07

Ішкі туризм бойынша экскурсияларды жүзеге асыратын туристік ұйымдардың қызметі тоқтатылады

Мир глазами оптимиста - LiveJournal

Алматы әкімдігі елдегі төтенше жағдай режиміне байланысты қаладағы туристік нысандарды жабу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Осы орайда, мегаполистегі Медеу, Шымбұлақ, Пионер, Көк-Төбе, сондай-ақ, ішкі туризм бойынша экскурсияларды жүзеге асыратын туристік ұйымдардың қызметі тоқтатылады. Бұл шешім коронавирустық эпидемиологиялық жағдай  тұрақтандырылғанға дейін күшінде болмақ. Еске сала кетейін, бұған дейін Туризм басқармасы коронавирус тіркелген қауіпті категориялы елдерге қатынайтын және сол елдерден бізге келетін турларды уақытша тоқтатуға ұсыныс білдірген болатын