Демалыс күндері қоғамдық көліктердің жұмысы тоқтап, саябақтарға, бақтарға, өзен-көлдердің жағасына барып демалуға тыйым салынды
Солтүстік Қазақстан облысында карантин шаралары күшейтілді. Өңірде коронавирус инфекциясының тармалмауын алдын-алу мақсатынды бірқатар шектеу шаралары енгізілді. Бұл жөнінде Солтүстік Қазақстан облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті өкілдерінің қатысуымен өткен брифингте мәлім болды. Толығырақ Almaty.tv тілшіcі бейнематериалында.
СҚО-сы соңғы тәуліктегі мәліметке сай Нұр-Сұлтан қаласынан кейін вирус жұқтырғандар саны бойынша екінші орында. Бүгінгі күні облыста 14 адам коронавирус індетіне шалдыққан.
«Қазір облыс бойынша 4257 коронавирустық инфекцияның жағдайы тіркеліп отыр. Оның ішінде 182 жағдай, яғни сырттан әкелген жағдайлар. Симптомдық түрде 2677 науқас тіркелсе, 1580 симптомсыз вирус тасымалдаушы түрде тіркелуде. Өлім-жітім бойынша 24 жағдай тіркелді. Коронавирустық пневмонияға келетін болсақ, облыс бойынша 560 адам тіркелді», – деді СҚО Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бас маманы Меруерт Атамбаева.
Облыста 16 қазаннан бастап карантин күшейтіледі. Ойын-сауық орталықтары, сауда орталықтары мен азық-түлік дүкендердің жұмыс уақыттары сағат 07.00-ден 22.00 дейін қысқарады. Ал қоғамдық тамақтанау орындары демалыс күндері істемейді. Тек сыртқа шығарып, үйге жеткізу арқылы жұмыс жасайды. Демалыс күндері сауна мен бассейндер де жұмысын тоқтатады.Ал балалар үйірмелері мен кабинеттеріне тек алдын-ала жазылу арқылы 15 кісіден көп қабылдамай жұмыс жасайды. Бірақ демалыс күндері үйірмелер жұмысы тоқтайды. Өйткені өңірде оқу жылы басталғанан бері балалар арасында 30 адам коронавирус жұқтырған.
«Штатта 30 адамнан артық адам жұмыс жасаса соның 50 пайызы қашықтықта жұмыс жасау керек. Облыс тұрғындарына айтарым көршілер, туыстар, әріптестерге қонаққа баруды тоқтату керек. Тұрғылықты орын бойынша отбасылық мерекелер өткізуге тыйым салынады. Үш адамнана артық адам жиналмауы керек. Тек отбасы мүшелері маска тағып, арақашықтықты сақтауы қажет. Жерлеу рәсімі кезінде 30 адамнан артық жиналмауы керек», – деді СҚО Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бөлім басшысы Арман Күшбасов.¤
Соңғы тәулікте Қазақстан бойынша 110 адам коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында 18, СҚО-да 14 адам вирус жұқтырған.