Дәрігерлер «омикрон» штамының салдары қандай болатынын айтты

 Almaty.tv
Almaty.tv
Алматыда инфекция жұқтырғандар саны күн санап артып жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шетелдік дәрігерлер «омикрон» жұқтырған науқастарда кейіннен бел ауруы және бас айналуы сынды белгілер ұзақ уақытқа дейін сақталатынын айтады. Ағзада қан қоюланып, бұлшықеттердің ауырсынуы болады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

 

Инфекционист-дәрігер Тамара Утағанова қауіпті инфекцияның таралуы тез және өте жұқпалы дейді. Оның салдары «дельтадан» 3-4 есе жоғары екен. Әсіресе бұл 20 мен 30 жас аралығындағы жастар арасында көптеп тіркеліп жатқан көрінеді. Инфекция тыныс алу жолдарында қозады. Кейін өкпеге түсіп, науқастың жағдайы нашарлайды.  

«Алматыда инфекция жұқтырғандар саны күн санап артып жатыр. Жағдай тұрақталмай тұр. Бір тәулікте ауруханаға орта есеппен 25-30 адам түседі. Коронавирус инфекция қанның қоюлануына алып келеді. Сол үшін егде жастағы адамдарға антикоугулянт сынды дәрі-дәрмектерді қолданамыз. Дәрігерлер мен медбикелер қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр», - деді И.Жекенова атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Тамара Утағанова.

Новости партнеров