Коронавирус: Ресейде бір тәулікте 20 мың адам жұқтырған
inform.kz
Елде жалпы 1 296 124 пациент сауығып шыққан
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Ресейде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 20 582 адамға жетті. Бұл – пандемия басталғалы тіркелген елдегі ең жоғары көрсеткіш. РФ-да індетке шалдыққандардың жалпы саны 1 733 440 адамға жеткен, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Коронавируспен күрес жөніндегі жедел штабтың мәліметі бойынша өсім 1,2%-ға артқан.
Бір тәулікте жазылып шыққан ресейліктердің саны 16 955 адамға жетті. Елде жалпы 1 296 124 пациент сауығып шыққан. Бұл барлық вирусқа шалдыққандардың 74,8%-ын құрайды.
Ресейде коронавирустан бір тәулікте 378 адам көз жұмған. Инфекциядан жалпы 29 887 пациент қайтыс болған.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
05.11.2026 08:10
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
06.11.2026 08:10
Қарызды төлей алмасаңыз, берешекті реттеудің қандай жолдары бар
06.11.2026 10:34