Қазақстанда коронавирус індетінен 17 адам қайтыс болды
Алматы қаласында коронавирус індетінен бір науқас көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv ресми дереккөзге сілтеме жасап.
Марқұм 1960 жылы дүниеге келген. Қазақстанда коронавирус індетінен 17 адам қайтыс болды.
Ал Қазақстанда 263 адам коронавирустан жазылып шықты. Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус жұқтырған 17 науқас, СҚО - 4 науқас, Қызыдорда облысында- 2 науқас сауығып, ауруханадан шықты. Бүгін сағат 13:3-ға дейін елімізде жалпы 263 адам үйлеріне шықты, оның ішінде: Нұр-Сұлтанда – 153, Алматы қаласында – 60, СҚО – 5, Ақтөбе облысы – 2, Жамбыл облысында -3, Павлодар облысында- 1, Алматы облысында - 7, Қарағанды облысында - 2, Шымкент қаласында – 2, Атырау облысында - 12, Батыс - Қазақстан облысында -1, Маңғыстау облысында -1, Ақмола облысында – 8, Қызылорда облысында - 6 адам.