Латвияда құндыздардан коронавирус анықталды

12.04.2021 20:32

Болжам бойынша хайуандарға вирус тері фермасының қызметкерлерінен жұққан

Фото: iStock

Әлемдегі ахуал. Латвияда 9 құндыздан коронавирус анықталды. Болжам бойынша хайуандарға вирус тері фермасының қызметкерлерінен жұққан, деп хабарлайды Almaty.tv.

Онда қазіргі күні 60 000 мыңдай құндыз бар екен. Тиісті органдар эпидемиологиялық тексеріс жүргізіп жатыр. Қытайдың ауруларды бақылау және алдын алу орталығының медициналық мәселелерге жауапты басшысы Гао Фу қытай вакцинасының коронавирусқа қарсы тиімділігінің төмен екенін айтады. Гао Фудың мәлімдеуінше Бразилияда өткен клиникалық сынақ кезінде екпе әсерінің тым төмен екені анықталған.