ШҚО-да ПТР анықтамасы жоқ 200 адам пойыздан қалды

04.11.2020 18:06

Бұл туралы Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов мәлім етті

Спутник Казахстан

ШҚО-да пойызға мінбек болған ПТР анықтамасыз 200 адам жолдан қалды. Бұл туралы Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«ШҚО-да пойызға мінбек болған ПТР-анықтамасыз 200 адам жолдан қалуға мәжбүр болды. Олар Нұр-Сұлтан, Алматы мен Қызылорда бағытында жол жүрмек болған», – деп хабарлайды Сәдуақас Байғабылов. 

Оның хабарлауынша 2 қарашада Семейден жолаушылар пойызы арқылы Нұр-Сұлтан, Алматы және Қызылорда қалаларына ПТР тест анықтамасы бар 287 жолаушы аттанған. Вагондарға ПТР тест анықтамасы жоқ 137 жолаушы кіргізілмеген. 

«Дәл сол күні Өскеменнен Нұр-Сұлтан мен Алматы бағыты бойынша темір жол көлігі арқылы 44 жолаушы аттанып, ПТР тест анықтамасы болмаған 63 адам вагонға кіргізілмеді. Жолаушылардың билет құны 100 пайыз көлемінде қайтарылып берді», – деп хабарлайды Сәдуақас Байғабылов.