Еліміздегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін қатаң шектеу шаралары ауадай қажет – депутат

Almaty.tv
Almaty.tv
Наурыз, сәуір, мамыр айларында болған карантиннің дұрыс екенін енді түсініп отырмыз
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Еліміздегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін қатаң шектеу шаралары ауадай қажет, дейді халық қалаулысы Ахмет Мурадов. Айтуынша, індетпен күресте тек дәрігерлер мен әскерилер ғана емес, қарапайым бұқара да оқшауланып, атсалысуы қажет, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Наурыз, сәуір, мамыр айларында болған карантиннің дұрыс екенін енді түсініп отырмыз. Ол кезде үрдісті бақылауға мүмкіндік болды. Ал қазір жағдай ушығып кетті. Ауруханаларда орын және дәрігерлер тапшы, дәрі-дәрмек жоқ.  Өлім көбейді. Сондықтан бұл шаралар ауадай қажет. Халқымызды сақтап қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасау қажет», – деді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Ахмет Мурадов.  

Қатаң шектеу шараларының уақытылығы мен қажеттілігін Қазақстан халқы Ассамблея төрағасының орынбасары Шерзод Пулатов та айрықша айтып өтті. Пікірінше, бірлікпен ғана індетті жеңеміз.

«Бұл ережелер жайдан жай қабылданған жоқ. Мен арнайы органдар коронавирустың таралуына жіті талдау жасап, қажетті шараларды ұсынып отырғанына кәміл сенемін. Індетті жеңу үшін бәріміз бірге күресуіміз қажет. Қатаң шектеу шараларын сақтауымыз керек. Бұл инфекцияның таралуына кедергі болады», – деді Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Шерзод Пулатов.

Новости партнеров