Түркістан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 33 адам тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметіне сілтеме жасап.
«Скринингтік тексеру барысында COVID-19 инфекциясы Түлкібас ауданының 1965, 1984 жылғы, Сайрам ауданының 1998, 1991, 2012 жылғы, Мақтаарал ауданының 1994, 2010, 1956 жылғы, Түркістан қаласының 1995, 1983, 1982, 1989, 1974, 1997, 1974, 1992 жылғы, Кентау қаласының 1988, 1978 жылғы, Қазығұрт ауданының 1976 жылғы тұрғындарынан анықталды», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар вирусты жұқтырғандармен байланыста болған азаматтарды тексеру нәтижесінде Төлеби ауданының 1998 жылғы, Сайрам ауданының 1986, 1958, 2000, 1988, 2009, 2013, 2015, 2018, 2019 жылғы, Мақтаарал ауданының 2017, 2010 жылғы, Кентау қаласының 1989 және 1952 жылғы тұрғындарынан алынған сынамалар да вирустың жұққанын көрсетті.
Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, оқшауланып, бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем алуда. Жақын байланыстағы азаматтар анықталып, медициналық бақылауға алынды.
Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Қазіргі уақытта Түркістан облысында вирус жұқтырғандардың жалпы саны — 315 адам.