Алматыда коронавирус инфекциясы ошағы анықталған 224 мекенжай тіркелді

24.04.2020 в 20:36

Алматыда тәулік ішінде 5 ауру ошағынан шектеу алынды

krisha.kz

Алматыда тәулік ішінде 5 ауру ошағынан шектеу алынды. Дегенмен, соңғы ақпарат бойынша коронавирус инфекциясы табылған 224 мекенжай тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жасырын инфекция орындарын белсенді іздестіру жұмыстарының нәтижесінде ошақ сандары артқан. Нақты айтар болсақ, Әуезов ауданында – 57, Алатау ауданында –33, Алмалы ауданында – 15, Бостандық ауданында – 33, Медеу ауданында – 23, Жетісу ауданында – 20, Түрксіб ауданында – 26, Наурызбай ауданында  17 ошақ аймағы анықталды. Ондағы үйлерді мамандар дезинфекциядан өткізіп жатыр. Сондай-ақ, ошақ аймағында тұратын халықтың денсаулығы бақылауда. Жалпы қалада бас-аяғы 80 мекенжайда карантин режимі алынды.