Әнші Ернар Айдар карантин режимін бұзғаны үшін жазаланды

25.04.2020 02:14

Ол және тағы 12 адам бір бөлмеге жиналып, ұтыс өткізді

polisia.kz



Карантин режимін бұзған әнші Ернар Айдар жауапқа тартылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол заңға бағынбастан, бірнеше адам болып жиналып, әлеуметтік желінің тікелей эфирінде лотерея ойнатқан. Ол кінәсін мойындап, кешірім сұрағаннан басқа ешнәрсе айта алмады.

«Мен өзімнің әркетіме, карантин жағдайынан шығып кеткеніме үлкен кешірім сұраймын. Әрине, мен  қауіпсіздік шарасын сақтауым керек. Кешірім сұраймын», – деді әнші Ернар АЙДАР.

Қазір іс материалдары шешім қабылдау үшін Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілді. Әнші айыппұл арқалай ма, әлде қамала ма, оны сот шешеді.