Қазақстанда стационарлар жабылып, төсек-орын қоры қысқартылып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта елде 7 провизорлық және 1 жұқпалы аурулар стационары жабылған, жалпы төсек-орын саны - 1 070. Сондай-ақ, 6 стационарда орын саны 855-ке қысқартылды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Қандай стационарлар жабылды
Ақтөбе облысы - Батыс Қазақстан медицина университетінің жатақханасы (300 орын);
Атырау облысы - Құрманғазы аграрлық-техникалық колледжі (30 орын),
Жылыой туберкулезге қарсы диспансері (10 орын);
Атырау облыстық ауруханасы (200 орын);
Қарағанды облысы - Облыстьқ кардиологиялық орталық жанындағы "Турист" қонақүйі (100 орын), ҚарМТУ жатақханасы (100 орын);
Нұр-Сұлтан қаласы - Қалалық психикалық денсаулық орталығы (230 орындық инфекциялық стационар);
Шымкент қаласы - Облыстық балаларды оңалту орталығы (100 орын).
Қанша орын қысқарды
Маңғыстау облысы - Маңғыстау облыстық ауруханасы (150 орынға), Жаңаөзен қалалық ауруханасы (100 орынға), Бейнеу ауруханасы (30 орынға), Түпараған аудандық ауруханасы (25 орынға), Маңғыстау аудандық ауруханасы (50 орынға);
Павлодар облысы - Сұлтанов атындағы гоститаль ("Мойылды" шипажайы, 500 орынға).
Өзге өңірлер мен Алматы қаласында 2тамыздан бастап провизорлық орталықтарды жабу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, төсек-орын саны қысқарады.