|
11.12.2020 | 15:36
3493

Елордада мектептердің бәрі де қашықтан оқыту режиміне көшуі мүмкін

Оқу жылының басынан бері 224 оқушы ауырған

Елордада мектептердің бәрі де қашықтан оқыту режиміне көшуі мүмкін Фото: iStock

Елордада мектептердің бәрі де қашықтан оқыту режиміне көшуі мүмкін. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша, оқу жылының басынан бері 224 оқушы ауырған. Оның 179-ы қашықтан оқығандар. Мектеп бойынша барлығы 590 қатынаста болған азамат тексерілген. 8-і мектеп оқушылары және 1 оқытушы қарым-қатынаста болғандықтан ауырған.

«Оқушылар мен оқытушылар арасында COVID-19 жағдайларының тіркелуі күн сайын жалғасып жатқандықтан, меншік нысанына қарамастан, мектептерді қашықтан оқыту жүйесіне көшу мәселесі қарастырылуда. 10 желтоқсандағы жағдай бойынша, аудандық санэпидбақылау басқармаларының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлерінің қаулыларымен 20 мектепте оқу процесі 14 күнге онлайн режимге ауыстырылды», – деді қаланың бас санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева.

Айта кетейік, 10 желтоқсаннан бастап қала «қызыл аймаққа» кірген еді. Бұл бірінші кезекте қала тұрғындарының алдын алу шараларын сақтамауына байланысты болып отыр.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир