Америкалық сарапшылар АҚШ-та Pfizer вакцинасын қолдануға рұқсат беруді ұсынып отыр. Осы елдің азық-түлік және дәрі-дәрмектер басқармасының 17 маманы вакцинаның артықшылығы оның кемшіліктерінен асып түсетінін айтады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Еске салайық, осыдан бірнеше күн бұрын АҚШ-та осы Pfizer вакцинасын сынақтан өткізуге қатысқан алты адамның қайтыс болғаны хабарланған еді. Жалпы вакцинаны сынақтан өткізуге 16 жастан асқан 38 мың ерікті адам қатысқан.
Ал, Ұлыбританияның дәрігерлері әуелде айтылған Pfizer вакцинасы кері әсер беруі мүмкін екенін мәлімдеді. Сондықтан, аллергиясы бар адамдар бұл екпені салдырмағаны абзал екені белгілі болды. Осыған қарағанда COVID-19 инфекциясына қарсы нақты вакцина әлі табылмаған. Сондықтан, аурудың алдын алып, ауырып қалмаудың жолын қарастырған дұрыс ағайын.
Еске салайық, осы күні жаһан жұртының 70 миллионға жуығы коронавирус дертіне шалдыққан. Алғашқы бестікте, АҚШ, Үндістан, Бразилия, Ресей және Франция тұр. 1 жарым миллионнан астам адам кеселдің құрбаны болды. Сол үшін көпшілік жерде маска тағып, ара қашықтықты сақтап жүрейік. Саулықтың сақтықта екенін естен шығармайық.