Қарағанды облысында коронавирус жұқтырған 67 адам тіркелді

Қарағанды облысында коронавирус жұқтырған 67 адам тіркелді
Облыста вирусты жұқтырған 662 адам тіркелген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қарағанды облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 67 адам тіркелді, деп хабарлады Almaty.tv ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметіне сілтеме жасап.

«ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша 67 адамда COVID-19 вирусы анықталды, тіркелген адамдар скрининг барысында және коронавирусты жұқтырған адамдармен жақын байланыста болғандарды тексеру нәтижесінде анықталды», - делінген хабарламада.

Олардың ішінде Қарағанды қаласында – 17 адам, Теміртау қаласында – 16, Бұқар жырау ауданында – 1, Саран қаласында – 29, Абай ауданында – 4 адам тіркелген.

Барлығы жұқпалы аурулар стационарларына жатқызылды. Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, ем алып жатыр. Ошақтарда дезинфекциялық шаралар жүргізіліп жатыр.

Облыста вирусты жұқтырған 662 адам тіркелген, оның ішінде 3 адам көз жұмған және 191 пациент жазылып шыққан.

Новости партнеров