Алматыда қай жерде COVID-19-ға тест тапсыруға болады

Алматыда қай жерде COVID-19-ға тест тапсыруға болады
Алматы аумағында 7 зертхана бар
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы аумағында Қорғаныс министрлігінің әскери зертханасын қоса алғанда барлығы 7 зертхана бар, деп хабарлайды Almaty.tv.

Коронавирус инфекциясына диагностика екі тәсілмен – эспресс-тест және ПТР тексеру. Экспресс-тест қан тапсыру арқылы алынса, ПТР диагностика үшін жұтқыншақ пен мұрын қуысынан биологиялық талдау алынады.

Еске сала кетейік, инфекцияны анықтау анемнезінде (сырқаты) суық тию белгілері бар қауіп тобына жататын адамдарға тест тегін өткізіледі. Қалған азаматтар ақылы түрде тест тапсыруларына болады.

Алматы тұрғындары COVID-19-ға ПТР тестті Алматы қаласы бойынша ҚР ДСМ ТКҚСҚБК “Ұлттық сараптама орталығы” ШЖҚ РМК филиалының зертханасында тапсыра алады. COVID-19-ға ПТР әдісі арқылы тест тапсыру құны – 11 500 теңге.

https://nce.kz/services/covid-2019/

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясында жекеменшік компаниялар коронавирусты диагностикалау бойынша өз қызметтерін қаладағы емхана базаларында ұсынып отыр. Тұрғындар арасында тест ауруханаға жатқызылуы тиіс адамдарға, созылмалы өкпе ауруына шалдыққандарға, жүкті әйелдерге, сонымен бірге тұмау белгілері бар жандарға жасалады.

ПТР диагностикалау бойынша қызметтерді келесі жекеменшік медициналық орталықтар көрсетеді:

– «Medical Partners Korea Clinic» (MPK) ЖШС оңтүстік-корейлік мобильді скрининг-орталығы – әл-Фараби даңғылынан төмен (Қазыбаев көшесі жағынан келуге болады), «Нұрлы Тау» БО. Қызмет құны – 15 500 тг.

http://mpk.kz/

– «Олимп» клиникалық-диагностикалық зертханасында сараптама құны – 15 400 теңге, қан тапсыру – 540 теңге. Мекен-жайлары https://www.kdlolymp.kz/ сайтында көрсетілген.

– «Медикер» ЖШС компаниясы тестілеуді ПТР әдісімен өткізеді. Сәтпаев көшесі, 18А.

+7 701 034 57 26, +7 701 034 57 23, Диагностика құны –19 000 теңге

https://www.mediker.kz/

Сондай-ақ, қала тұрғындары эпидемиологиялық көрсеткіш нәтижесімен эпидемиологтардың жолдамасы бойынша «Олимп» КДЛ зертханаларында тегін экспресс-тест тапсыра алады.

Айта кету керек, Алматыда диагностика үшін талдауды алу қосымша Қарасай батыр көшесі, 123 мекен-жайы бойынша INVIVO зертханасында жүргізіледі. Саll-center: 8 (72 7 2) 58 83 83, 8 778 769 38 81.

Зерттеудің өзі Нұрсұлтан қаласындағы ҚР ДСМ ҚДСҰО «СЭСжәнеМҒПО» вирустық инфекцияларды бақылау бойынша зерханасында өтеді.

Тесттің бағасы – 18 500 теңге. Коронавирустық инфекция талдауына қажетті материалды алу пункті Алматы қаласы, Гагарин көшесі, 155 және Қазыбек би, 90 мекен-жайлары бойынша орналасқан.

https://www.invivo.kz/

ПТР-тест тапсырар алдында келесі ережелерді сақтау керек:

1) Өзімен бірге респираторлық бетперде және жеке куәлігі болуы керек.

2) Кезекті күту барысында 1,5 – 2 метр арақашықты сақтау.

3) Талдаудан 3 сағат бұрын тамақ пен сусын ішпеу, тіс тазаламау және ауыз қуысын шаймау маңызды.

Тест нәтижесі 1-2 күннен кейін белгілі болады.


Новости партнеров