Алғашқы бестікте АҚШ, Үндістан, Бразилия, Ресей мен Ұлыбритания тұр
Жаһандағы жағдайға тоқталсақ. Чехияның ауруханаларында науқастарға арналған орын жетіспей жатыр. Соның кесірінен жедел жәрдеммен келіп жатқандарды көрші Польшаға жөнелтуде, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бүгінде Чехия Еуропа елдері арасында инфекция жұқтыру бойынша алда тұр. Ал Польшадағы ахуал да мәз емес. Кеше мұнда бір тәулікте 17 мың адамның вирус жұқтырғаны белгілі болды. Сондықтан аталған елдер шектеу шараларын қатаңдатпақ. Сандарға зер салсақ, осы күні әлем жұртының 118 миллионынан көбі дертке шалдыққан. Алғашқы бестікте АҚШ, Үндістан, Бразилия, Ресей мен Ұлыбритания тұр. 2 миллион 600 мыңнан көп науқас көз жұмған.