COVID-19: 50 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған

Ведомости
Ведомости
Емделіп жатқан науқастардың 3,6 пайызының немесе 379 адамның денсаулығы ауыр және өте ауыр деп бағаланып отыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда 50 адам жасанды тыныс алу аппаратында жатыр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Денсаулық сақтау министрлігінің медиа орталығына түскен ресми статистикаға сәйкес, Қазақстанда осы жылдың 13 наурызынан бастап бүгінгі күнге дейін коронавирус инфекциясымен 104 713 адам ауырды. Жазылып шыққан науқастардың саны 92 598-ге жетті немесе жалпы көрсеткіш 84,4 пайызды құрады. Өкінішке қарай, 1 523 адам қайтыс болды», – деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

Оның айтуынша,10 597 адам ем қабылдауын жалғастырып жатыр. Оның ішінде 52 бала бар. 5 673 адам стационарлық, 4 924 адам амбулаторлық жағдайда емделуде.

«Емделіп жатқан науқастардың 3,6 пайызының немесе 379 адамның денсаулығы ауыр және өте ауыр деп бағаланып отыр. Атап айтқанда, 309 адамның жағдайы ауыр және 70 адамның денсаулығы өте нашар. 50 науқас жасанды тыныс аулу аппаратына қосылған», – деді Бағдат Қожахметов.

Новости партнеров