|
17.03.2020 | 15:42
1376

Дәріханаларды жеке қорғану құралдарымен қамту бағытында шаралар қабылдануда

Барлық қажетті азық-түлік пен бірінші қажеттіліктегі тауарларды үздіксіз жеткізу мәселесі шешілуде

Дәріханаларды жеке қорғану құралдарымен қамту бағытында шаралар қабылдануда

Қаржы министрі Әлихан Смайылов қазақстандықтарды төтенше жағдай үшін дүкен сөрелерін тазартып, дүрбелең шығармауға шақырды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Айтуынша, азық-түліктер мен дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. Бүгінде Үкіметпен дәріханаларды жеке қорғану құралдарымен қамту бағытында шаралар қабылдануда.

«Барлық қажетті азық-түлік пен бірінші қажеттіліктегі тауарларды үздіксіз жеткізу мәселесі шешілуде. Атап өту керек, азық-түлік те, дәрі-дәрмек те жеткілікті. Сондықтан дүкен сөрелерін тазартып, дүрбелең шығарудың еш қажеті жоқ. Президент экономиканы тұрақтандырудың әрі қарайғы шарлары жөніндегі жарлыққа қол қойды. Онда салық салу, мемлекеттік сатып алу, бюджетті құрып, пайдалану мәселелері кіреді» - деді ҚР Қаржы министрі Әлихан СМАЙЫЛОВ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир