|
17.03.2020 | 15:44
1516

Елімізде 49 әуе рейсі тоқтатылды

Ресейдің «Аэрофлот» авиакомпаниясы 19 наурыздан бастап Қазақстанның сегіз қаласына ұшуын 23 сәуірге дейін тоқтатады

Елімізде 49 әуе рейсі тоқтатылды www.forbes.ru

Еліміздегі әуежайларда 49 тұрақты әуе рейсі тоқтатылып, 84 халықаралық рейс қысқартылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тоқтаған тұрақты рейстер қатарында: Қазақстан – Қытай арасындағы барлық 34 рейс; Иран еліне қатынайтын 1 рейс; Нұр-Сұлтан – Баку бағыты бойынша 3 тұрақты рейс, Франкфурт – Алматы бағытындағы 4 рейс, Франкфурт – Алматы-Нұр-Сұлтан бағытындағы 7 рейс, сондай-ақ, еліміз бен Франция арасындағы 2 тұрақты рейс 24 сәуірге дейін жұмысын тоқтатты. 

Ал қысқартылған әуе сапарларында Оңтүстік Корея, Әзірбайжан, Жапония сияқты мемлекеттер бар. Елдегі төтенше жағдайға байланысты 16 наурыздан бастап шетел азаматтарының Қазақстанға келуіне тыйым салынған. Сонымен қатар, қазақстандықтардың шетелге шығуына рұқсат жоқ. Бірақ емделуге баратындарға шектеу қойылмаған.

Сондай-ақ, Ресейдің «Аэрофлот» авиакомпаниясы 19 наурыздан бастап Қазақстанның сегіз қаласына ұшуын 23 сәуірге дейін тоқтатады. Әуе сапарларының тоқтатылуы себепті жолаушылар алған билеттерін айыппұл төлемісіз толықтай қайтарып ала алады. Билетті өткізіп, ақшасын қайта алу үшін азаматтар билет алған жеріне жүгінуі керек.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир