1200 оқушысы бар білім ордасы
Петропавл қаласында Мұрат Айтхожин атындағы №1 орта мектеп карантинге жабылды. 1200 оқушысы бар білім ордасында 5 шәкірт пен 3 мұғалімнен коронавирус анықталған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Вирусты жұқтырғандардың арасында 1-8 және 9- сынып оқушылары бар. Мектеп медбикесі балаларды кезекті қарау кезінде бір оқушыдан коронавирусқа ұқсас белгілерді байқап, бірден медициналық мекемеге жіберген. Қаланың бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, оқушылар енді 2 апта бойы қашықтан білім алатын болады.
«Жалпы 4-тоқсан біздің мектеп үшін сәтті басталған еді. Барлығы республиканың бас санитарлық дәрігерінің бұйрығында көрсетілген санитарлық талаптарға сай болды. Бірақ келген балалар вирустың симптомсыз тасымалдаушысы болады деп ешкім ойлаған да жоқ. Екі күн өткен соң бұл балаларды басқалардан оқшаулау қажет болды. Бәрі жасалды, бірақ басқа адамдарды жұқтыруға осы уақыт та жеткілікті болып шықты. Негізінен инфекцияны балалар мектептен тыс, үйлерінде жұқтырып алған», – деді мектеп директоры Алексей Курленя.