Коронавирус: 10 күн ішінде егде жастағы әйел мен үш ұлы көз жұмған

stan.kz
stan.kz
Жаңа Орлеан коронерінің кеңсесінде коронавирус сынағы барлық қайтыс болғандар үшін оң нәтиже көрсеткені туралы хабарланды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Американың Луизиана штатындағы Жаңа Орлеан қаласының тұрғыны және оның үш баласы он күн ішінде коронавирус жұқтыруы салдарынан қайтыс болды. Бұл туралы The Mirror мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz.

20-30 наурыз аралығында 86 жастағы Антуанетта Франклин және оның үш ұлы – 71 жастағы Герман Франклин кенже ұлы 58 жастағы Энтони Франклин және 61 жастағы Тимоти Франклин  қайтыс болған.

Жаңа Орлеан коронерінің кеңсесінде коронавирус сынағы барлық қайтыс болғандар үшін оң нәтиже көрсеткені туралы хабарланды.

Энтони Франклиннің әйелі Жаклин Франклин: "Егер бұл Франклин отбасында болған болса, кез-келген отбасында болуы мүмкін екенін әлем білсін деймін. Мұны байыпты қабылдайық. Менің балаларым әкесін, сүйікті әжесін және екі ағасын жерлеуге мәжбүр болды", – деді ол.


Ресейде COVID-19 жұқтырғандар саны 10 мыңнан асты

Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырғандар саны 764 адамға жетті


Новости партнеров