Коронавирус жұқтырған 17 адамның 5-уі бұған дейін стационарда жатқаны белгілі болды

Коронавирус жұқтырған 17 адамның 5-уі бұған дейін стационарда  жатқаны белгілі болды
Олар қазір стационарда ем қабылдап жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Нұр-Сұлтан қаласында анықталған 17 адамның 5-уі бұған дейін стационарда инфекциялық бөлімде жатқаны белгілі болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның ішінде 4 адам 16 наурызда Италия мен Оңтүстік Кореядан елге оралған. Ал 1 адам осы күнге дейін жіті респираторлық вирустық инфекциямен ем қабылдаған. Жағдайы орташа ауыр деңгейде деп бағалануда. Оның отбасының бір мүшесі жақында Германиядан ұшып келген. Ал қалған адамдардың денсаулығы тексеріліп жатыр. Белгілі болғандай, олардың барлығы рейспен келмеген, арасында шетелден келген азаматтармен байланыста болғандары да бар.

«Науқастармен жақын қарым-қатынаста болғандар карантинге немесе үй карантиніне жатқызылады. Эпидемиологиялық жұмыстар жүргізіліп жатыр. 9 адам мониторинг кезінде анықталды. Коронавирус жұқтырғандармен жақын байланыс орнатқан адамдар да анықталуда. 9 науқастың жағдайы қанағаттандырарлық деп бағалануда. Олар қазір стационарда ем қабылдап жатыр»,  – деді қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле КИСИКОВА.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласында COVID-19 дертіне шалдыққан азаматтар арасында жасөспірімдер мен балалар жоқ.

Новости партнеров