Коронавирус: Нұр-Сұлтанда бір мектеп карантинге жабылды

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Коронавируспен ауырған балалар күн сайын тіркеліп отыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Екінші тоқсанда елімізде 55 бала коронавирус жұқтырды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Бірінші тоқсанда ШҚО, СҚО-дағы мектептер карантинге жабылды. Кеше Нұр-Сұлтанда тағы бір мектеп карантинге жабылды. Кеше ғана, яғни екінші тоқсанның алғашқы күні онлайн және офлайн оқып жүрген балалар арасында коронавирус жұқтырған 55 жағдай анықталды», – деді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова. 

Оның айтуынша, коронавируспен ауырған 55 баланың 14-і - мектепке барып оқыса, 41-і - онлайн оқыған оқушы. 

«Коронавируспен ауырған балалар күн сайын тіркеліп отыр. Оларды мониторингтен өткізіп отырмыз. Эпидемиологиялық жағдайға қарсы шаралар эпидемиологиялық тергеу жүргізу арқылы іске асуда. Сондай-ақ, коронавируспен ауырған бала оқыған сыныпты немесе мектепті жабу туралы шешім қабылданып жатыр», – дейді ол. 

Карантинге жабылу уақыты ауру жұқтыру тіркелмеген жағдайда - 14 күн.

Новости партнеров