Карантинді жеңілдету салдарынан адам өлімі көбейіп кетуі мүмкін
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың екінші толқыны басталады деп дабыл қағып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ұйымның Ресейдегі өкілі Мелита Вуйнович «Ресей 24» телеарнасына берген сұхбатында, бірінші толқын жүрген жерлердің барлығында, жағдайдың қайталануы ықтимал, сондықтан шектеулерді алып тастауға әлі ерте деді. Оның сөзінше, карантинді жеңілдету салдарынан адам өлімі көбейіп кетуі мүмкін. Коронавирус пандемиясының екінші толқынынан құтыла алмаймыз, себебі халықтың басым көпшілігінде оған қарсы иммунитет жоқ, дейді халықаралық ұйым өкілі.