Мексика президенті екінші рет коронавирус жұқтырды

11.01.2022 20:45

Ол аурудың жеңіл түріне шалдыққанын және қалпына келгенге дейін оқшау күйде жұмыс істейтінін мәлімдеді

Фото ©REUTERS

Мексика президенті Андрес Мануэль Лопес Обрадор екінші рет COVID-19 жұқтырғанын айтты , деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасап.

Мексика басшысы Twitter-де аурудың жеңіл түріне шалдыққанын және қалпына келгенге дейін оқшау күйде жұмыс істейтінін мәлімдеді.

"Симптом жеңіл болғанымен, оқшауланып, тек кеңсе жұмысымен айналысамын. Виртуралды түрде қарым-қатынас жасаймын", - деп жазды саясаткер.

Сонымен қатар ол өзін баспасөз конференцияларында және басқа да іс-шараларда елдің ішкі істер министрі Адан Аугусто Лопес Эрнандес алмастыратынын айтты. Алғаш рет Обрадор 2021 жылдың қаңтарында коронавирус жұқтырған болатын.