ПТР-анықтамасыз елге оралған қазақстандықтар бұрынғыдай екі күндік емес, енді жеті күндік карантинге жіберіледі. Мұндай өзгерістер елдің бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына енгізілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
«Елге келген Қазақстан азаматтары мен елде тұруға ықтиярхаты бар адамдардың анықтамасы болмаса, ПТР арқылы COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін карантиндік стационарда жеті күнге дейін оқшауланады.
Коронавирусқа арналған зертханалық зерттеулердің нәтижелерін алғаннан кейін, COVID-19 сынамасының нәтижесі теріс болғандардан тиісті қолхат алынып, аурудың ықтимал белгілері туралы түсіндіріледі», – делінген жаңа қаулыда.
Ал коронавирусқа сынағы оң нәтиже көрсеткен жолаушылар инфекциялық стационарға жатқызылады.