Коронавирус: ПТР анықтамасы жоқ жолаушылар карантинде 7 күн жатады

29.10.2020 20:45

Коронавирусқа сынағы оң нәтиже көрсеткен жолаушылар инфекциялық стационарға жатқызылады

Фото: ашық дереккөзден

ПТР-анықтамасыз елге оралған қазақстандықтар бұрынғыдай екі күндік емес, енді жеті күндік карантинге жіберіледі. Мұндай өзгерістер елдің бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына енгізілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

«Елге келген Қазақстан азаматтары мен елде тұруға ықтиярхаты бар адамдардың анықтамасы болмаса, ПТР арқылы COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін карантиндік стационарда жеті күнге дейін оқшауланады.

Коронавирусқа арналған зертханалық зерттеулердің нәтижелерін алғаннан кейін, COVID-19 сынамасының нәтижесі теріс болғандардан тиісті қолхат алынып, аурудың ықтимал белгілері туралы түсіндіріледі», – делінген жаңа қаулыда.

Ал коронавирусқа сынағы оң нәтиже көрсеткен жолаушылар инфекциялық стационарға жатқызылады.