|
05.04.2020 | 15:48
3451

Ресейде соңғы бір тәулікте 10 мыңнан астам адам коронавирусты жұқтырған

Мәскеуде жексенбі күні COVID-19-дан 35 адам көз жұмған

Ресейде соңғы бір тәулікте 10 мыңнан астам адам коронавирусты жұқтырған стопкадр Almaty.tv

Ресейде соңғы бір тәулікте 10 мыңнан астам адам коронавирусты жұқтырған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Осылайша, көршілес елдегі науқастар саны 134 мың 687-ге жетті. Мәскеуде жексенбі күні COVID-19-дан 35 адам көз жұмған. 

Мамандар науқастар санының күрт өсуін тұрғындардың карантин талаптарын сақтамауынан деп түсіндіріп отыр. Ал, әлем бойынша қауіпті індеттен айтарлықтай зардап шеккен Италияда жағдай тұрақталып келеді. Бүгіннен бастап, аймақтағы өндіріс орындары мен құрылыс жұмыстары жандана бастады. Осылайша 8 апта бойы карантинде болған ел бұрынғы тыныс тіршілігіне оралуда. Алайда шектеу шараларының барлығы алынбады. 

Жаңа Зеландияда соңғы тәулікте коронавирус жұқтырған науқас тіркелмеді. Сондай-ақ осы тәулікте көз жұмғандар да анықталмады. Соңғы ақпарға сәйкес, әлем бойынша, вирус жұқтырғандар үш жарым миллионнан асты. Бұл статискаға сәйкес миллионнан астам адам жаңа инфекцияны жеңіп шыққан.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир