Айбынды ерлігімен көзге түскен Ұлттық ұлан сарбаздары

Almaty.tv
Almaty.tv
Ұлттық ұлан – елі мен халқына қорған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ұлттық ұлан – елі мен халқына қорған. Әскери міндетін атқара жүріп, ерлік пен батырлықтың, ұқыптылық пен мінсіз қызметтің үлгісін көрсеткен Алматы қаласындағы Ұлттық гвардия сарбаздары коронавирусты таратпау мақсатында медициналық қызметкерлермен, полицейлермен бірге алдыңғы шепте тер төкті. Одан бөлек, қоғамдық тәртіпті бұзғандарға тосқауыл қоюмен айналысты. Былтыр айбынды ерлігімен көзге түскен әскери қызметшілердің еңбегі жайлы Almaty.tv тілшісі кеңінен тарқатып айтады.

Тәуелсіздік алған күннен бастап елдің қоғамдық қауіпсіздігі мен ішкі тәртібін күзету - ел алдындағы маңызды міндеттердің бірі болды. Сондықтан егемендігімізді жариялағаннан кейін небәрі 26 күн ішінде күштік құрылымдардан бірінші болып Қазақстанның Ішкі әскері жасақталды. Ал 2014 жылы ел Президентінің жарлығымен Ішкі әскер Ұлттық ұлан болып қайта құрылды. Міне, сол уақыттан бері мемлекеттің тұрақтылығы мен тыныштығын қауіп-қатерлерден қорғауды алдына мақсат тұтты. Алматыда орналасқан Ұлттық ұлан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5571 әскери бөлімі сын сағаттарда төзімділігімен, қайсарлығымен ерекшелене білді.

«Карантин кезінде біздің жедел мақсаттағы 2-батальон сарбаздары «Алтын Орда» бойында қойылған блок-бекеттің бойында қызмет атқарды. Ақсай өзенінің бойында. Қызмет атқару барысында көп қиыншылықтармен кездестік. Бірақ ол қиыншылықтарды өзіміздің сарбаздардың әскери антына адал, борышымен, қызмет атқару ынтасымен төтеп өттік. Біздің қарапайым халықтың түсінбеушілігі болды», – деді «Ұлттық ұлан» 5571 әскери бөлімі 2 батальон командирі Айдын Қайырбеков.

Ұлттық Ұлан сарбаздары былтыр 11 қарашада қару ұстап, қоғамдық тәртіпті бұзған азаматты қолға түсірді. Күш көрсетіп, қашпақшы болған ер адамды батальон қызметшілері тоқтатып, тәртіп сақшыларына тапсырған.

«Рациямен бізге хабарлады. Қарумен жүрген адам жүр, сіздер қарап жүріңіздер, абай болыңыздар деп. Біз өз маршрутымызбен бағытталып, сол кісілерді тауып алдық. Өз міндетімізді атқарып, полиция қызметкерлеріне табыстадық», – деді «Ұлттық ұлан» 5571 әскери бөлімнің сарбазы Алишер Алтыруов.

Әскери бөлім сарбазы Нұршат Навердинұлы жауынгерлік қызмет барысында қауіпсіздік шараларын барынша сақтауға тырысатынын жетізді.  

«Қоғамдық тәртіпті бұзған адамдар бізді көрген кезде, өздері білініп тұрады, қашады, сасқалақтайды. Сол арқылы біз біліп отырамыз және бізге полиция қызметкерлері арқылы бағдар беріп отырады. Қауіп төніп тұрса да, біздің қызмет болғаннан кейін тырысамыз қолға түсіруге», – деді «Ұлттық ұлан» 5571 әскери бөлімінің бөлімше командирі Нұршат Найдунов.

Ал, өткен жылы қыркүйекте Бутаковка ауылында кинологтар иттің көмегімен өзен бойындағы әйел адамның денесін тапты. Бұл істе де сарбаздар табандылық танытты. Өздеріне тапсырылған түрлі міндетті тоқтаусыз, өлшеусіз атқарып келе жатқан Ұлттық ұлан «Оңтүстік»  өңірлік қолбасшылығына қарасты 5571 әскери бөлімінің сарбаздары қандай тапсырма болсын, оны адал орындауға тырысатындарын дәлелдеді. Ұлттық ұландықтар әрқашан сапта!

Сая Меңдеке, Мұрат Тайжа, «Алматы» арнасы  


Новости партнеров