Алматыда тұрғындарды вакцинациялау барысы жөнінде онлайн-брифинг өтті. Брифинг барысында Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев қаланың эпидемиологиялық жағдайы ауыр екенін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев айтуынша ауруханада орын жеткілікті.
«Қаланың эпидемиологиялық жағдайы ауыр. Өткен тәулікте Алматы қаласында 572 адамда коронавирус анықталып, оның 331-і ауруханаға жатқызылды. Бір тәулікте жедел жәрдем қызметі коронавирус инфекциясына байланысты 115 рет барған. Ал жалпы бір тәулікте 1929 шақыру түскен.
Дәл қазіргі уақытта ауруханада орын саны, дәрі-дәрмек пен медициналық құралдар жеткілікті мөлшерде. Дәрігерлер, медбикелер сынды медициналық қызметкерлердің штаты толық. Қаланың денсаулық сақтау басқармасы жағдайды толық бақылауында ұстап отыр», – деді Н. Табынбаев.