Өзбекстанда коронавируспен күресуге арналған ауруханалар салына бастады. Олардың біріншісін бес күнде пайдалануға беру жоспарланған, деп хабарлайды Stan.kz.
Ташкентте үш жаңа аурухана, Өзбекстанның басқа да облыстарында медициналық мекеме салынбақ. Жергілікті телеарналардың хабарлауынша, бірінші аурухана бес күнде Юкоричир ауданында пайдалануға беріледі деп күтілуде. Зангиан ауданында тағы бір аурухана ашылады. Ташкенттің Чиланзар ауданындағы аурухана да ашылуға дайындалып жатыр.
Өзбекстанның құрылыс министрі Батыр Закировтың айтуынша, ел президентінің тапсырмасы бойынша ауруханалар қысқа мерзімде пайдалануға берілмекші.
«Екі емхана кезең-кезеңімен салынуда. Олар әрқайсысына 1000 адамды қабылдай алады. Функционалдылығы ескерілген. Жобалар коронавирустың қауіп-қатеріне қарсы тұру үшін барлық нәрсені ескереді, болашақта емхана кез келген эпидемиологиялық ауруларға қарсы тұра алатын болады», - деді ол.
Ғимараттардың құрылысы және қажетті коммуникациялар қатар жүргізілуде. Газ тартылып, су және электр жарығы қондырылады. Құрылыс министрінің бірінші орынбасары Шерзод Хидоятов әр науқасқа жеке «үйшік» берілетінін айтты.
«Әрбір лот екі ұшақ сияқты. Қатарлар арасында өтетін жолдар болады. Олар медициналық персоналдың қозғалысына арналған. Әр науқасқа жеке жағдай жасалады, яғни кондиционер, теледидар, байланыс болады. Жеке кешен медициналық қызметкерлерге арналады», - деді ол.
Науқастарды бұл кешенде ұстауға болмайды, өйткені жақын жерде жеке аурухана салынуда. Барлық тексерулер санитарлық аймақта өтеді. Ал егер біреудің ауруы болса, оны ауруханаға жібереді. Екеуінің ара қашықтығы 150 метрден асады.
Еске салсақ, Қытайда коронавируспен күресу үшін 10 күнде 1000 адамға арналған уақытша аурухана салынды. Соңғы мәліметтер бойынша, Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 65-ке жетті.