|
16.02.2021 | 15:51
2984

Алматыда мәслихат депутаттары коронавирус вакцинасын салдырды

Вакцинаның әр ампуласы 5 рет егуге жарамды

Алматыда мәслихат депутаттары коронавирус вакцинасын салдырды Almaty.tv

Алматыда коронавирус вакцинаcын егу науқаны жалғасып жатыр. Дүйім жұрттың дегбірін қашырған дертке қарсы екпені бүгін қалалық мәслихаттың жетінші шақырылымының депутаттары да салғызды. Ресейлік «Спутник ВИ» вакцинасын бірінші болып мәслихаттың хатшысы Станислав Канкуров алды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Өзімді жақсы сезініп тұрмын. Вакцина алу туралы шешімді бұрыннан қабылдадым. Өйткені жұқтыру қаупі дейміз ғой... Біз күнде адамдармен араласамыз, сөйлесеміз. Сондықтан вакцина алғаныма өте қуаныштымын. Жақында антидене болатынына сенімдімін», – деді қалалық мәслихаттың хатшысы Станислав Канкуров.

Вакцинаның әр ампуласы 5 рет егуге жарамды. Процедура арнайы жабдықталған бөлмеде жасалады. Екпе салғызар алдында адам ағзасында антиденелердің бар-жоғы мұқият тексеріледі. № 5 қалалық ауруханада коронавирус вакцинасын жуырда ғана сайланған қалалық мәслихат депутаты Ақбөпе Әбілқасымова да алды.  

«Қазір вакцина алуға қатысты ел арасында түрлі пікір айтылып жатыр. Дегенмен адам денсаулығының маңызды екенін ұмытпаған жөн. Біздің азаматтарымыздың саулығы, қауіпсіздігі бірінші орында. Бүгін осында келуіміздің себебі де осы. Екпе салғыздық. Халықпен бірге екенімізді көрсеткіміз келді», – деді қалалық мәслихат депутаты Ақбөпе Әбілқасымова.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир