БҚО-да соңғы төрт күнде 360-қа жуық адамнан COVID-19 анықталды

31.05.2021 20:53

Індет басталғаннан бері өңірде 22 502 адам ауырған

vezha.ua

Батыс Қазақстан облысында соңғы төрт күнде 359 адамнан коронавирус табылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлім еткеніндей, соның 262-сінде ауру белгісі болса, 97-сі – симптомы жоқтар. Ауырғандардың 217-сі ЖРВИ белгілері бойынша дәрігерге жүгінген. 83-і қарым-қатынаста болған адамдардан жұқтырған. 50-і профилактикалық мақсатта тексерілсе, төртеуінен стационарға жатқызар алдында сынама алынған. Сырқаттанғандардың 160-ы Орал қаласында, 65-і Бәйтерек, 59-ы Бөрлі, 19-ы Ақжайық, 17-сі Тасқала ауданында тіркелген. 

Індет басталғаннан бері өңірде 22 502 адам ауырса, соның 17 569-ы жазылып шықты. 337 науқас өмірден өтті. Барлық коронавирус жұқтырғандардың 12 658-і Орал қаласы, 2 648-і Бәйтерек, 2 495-і Бөрлі, 951-і Теректі, 772-сі Ақжайық ауданының үлесіне тиеді. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда 68 мыңға жуық адамның коронавирусқа қарсы егілгенін жазған болатынбыз.