Коронавируске қарсы вакцинаның қашан пайда болатыны белгілі болды

24.11.2020 20:54

Қазіргі таңда 40-тан астам түрі сарапталып жатыр

ФОТО: REUTERS

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен 2021 жылдың аяғына дейін коронавирустан вакцина пайда болуы мүмкін. Қазіргі таңда 40-тан астам түрі сарапталып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ал әлем бойынша 40 ел вакцинамен тегін қамтылады деген ақпар бар. Алайда Қазақстан тізімде жоқ.  Әзірге вакцина құны да нақтыланбаған. Мамандар екпені дайындауға стандартты жағдайда 10-15 жыл қажет дейді. Мәселен, негізгі тексеруге кемінде 5 жыл, клиникалыққа дейін 2 жыл, кейін еріктіге сынаудың өзі үш кезеңнен тұрады. Оған орташа 7-10 жыл керек. Бірақ қазір пандемияға байланысты уақыт тығыз дейді иммунологтар.

«Вакциналардың өздері биылғы көктемде ғана пайда бола бастады. Клиникалық зерттеулер жазда ғана басталды. Ең алғашқы бастағандардың өздерінде ғылыми орталықтардың өздерінде тек ғана жазда, күзде клиникалық тексеру өткізіліп жатыр. Сондықтан күзден ғана басталып өткізіліп жатыр. Осы себептен біз қаншалықты вакциналарға қарсы антиденелер сақталатынын әлі күнге дейін айта алмаймыз», – деді С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ иммунология кафедрасының меңгерушісі Эльмира Битанова.