Францияда 10 миллионнан астам адам коронавирус вакцинасын алды

Францияда 10 миллионнан астам адам коронавирус вакцинасын алды
Осы күні әлемде 134 миллоннан көп адам коронавирус жұқтырған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жаһанды жайлаған коронавирус инфекциясымен ауырғандар саны азаймай тұр. Almaty.tv әлем елдеріндегі қазіргі жағдайына шолу жасады.

Францияда COVID-19 вакцинасының алғашқы дозасын 10 миллионнан астам тұрғын алды. Ал қазір екпенің екінші дозасын 3 миллионнан астам азамат салдырған. Айта кетейін, соңғы жеті күнде Франция ауруханаларына 13 мыңнан астам науқас түсті, оның 5 мыңнан астамы жан сақтау бөлімшелерінде жатыр.

Прага полициясы қала орталығындағы пәтерлердің бірінен 56 адам жиналған кештің үстінен түсті. Олардың көбі шетел азаматтары болған. Енді жас шетелдіктерге айыппұл салынуы мүмкін. Прагада төтенше жағдай режимінің шарттарына сәйкес, ереже бұзушыларға 10 мың кронға дейін айыппұл қарастырылған.

Осы күні әлемде 134 миллоннан көп адам коронавирус жұқтырған. Алғашқы бестікте АҚШ, Бразилия, Үндістан, Франция және Ресей тұр. 2 миллион 900 мыңнан аса науқас аурудың құрбаны болды.

Новости партнеров