Коронавирус: Италияда 116 дәрігер қайтыс болды

inform.kz
inform.kz
Соңғы көз жұмған фармацевт - Антонио Тилли Флоренция маңындағы Понтассьеведе муниципалдық дәріхана директоры болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Сейсенбі күні Италияда коронавирустан тағы төрт дәрігер көз жұмды. Осылайша, елде індеттен қайтыс болған дәрігерлер саны 116-ға жеткен. Бұл туралы ANSA-ға сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

FNOMCEO дәрігерлер гильдиясы федерациясының мәлімдеуінше, вирустан Луиджи Чириотти (зейнет жасындағы отбасылық дәрігер), Себастьяно Карбе (зейнет жасындағы дәрігер), Маурицио Бертаччини (отбасылық дәрігер) және Доменико Фатика (стоматолог) қайтыс болды.

Көз жұмғандар арасында коронавирус жұқтырған пациенттер санының көбеюіне, сондай-ақ медициналық қызметкерлердің жетіспеуіне байланысты жұмысқа оралуға тура келген зейнеткер дәрігерлер бар. Assofarm президенті Венанцио Джиззи коронавирустан қайтыс болған италиялық фармацевтер санының 8 адамға жеткенін қосып айтты. Соңғы көз жұмған фармацевт - Антонио Тилли Флоренция маңындағы Понтассьеведе муниципалдық дәріхана директоры болған.

Новости партнеров