Ресейде бір тәулікте коронавирусты 19 768 адам жұқтырған. Бұл, пандемия баталғалы ең үлкен көрсеткіш. Елде вирусқа шалдыққандар саны 1 693 454 адамға жетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Коронавирусқа қарсы күрес жұргізу штабының мәліметінше, өсім 1,2 пайызды құраған.
Тәулік ішінде өсім қарқыны төмен болған аудандар тізіміне Татарстан Республикасы мен Дағыстан Республикасы (0,5 пайыздан), Мәскеу облысы, Чуваш Республикасы (0,6 пайыздан), Ханты-Мансийск автономды өлкесі, Шешенстан Республикасы, Свердлов облысы және Марий Эл Республикасы (0,7 пайыздан) кірді.
Тәулік ішінде Мәскеуде коронавирус жұқтырудың 5 826 оқиғасы, Мәскеу облысында – 569 оқиға, Нижегород облысында – 417, Архангельск облысында – 389, Ростов облысында – 309 оқиға тіркелген.
Қазіргі кезде елде 397 306 адам ем қабылдап жатыр.
Аурудан айыққан адамдардың саны тәулік ішінде 15 567-ге өскен, бұл – пандемия басталғалы ең үлкен көрсеткіш. Инфекциядан барлығы 1 266 931 адам жазылып шықты.
Ресейде коронавирус салдарынан қайтыс болған адамдардың саны тәулік ішінде 355-тен 389-ға дейін өскен. Жаңа инфекция салдарынан елде жалпы 29 217 адам көз жұмды.