Израильде бір тәулікте 7 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырған

Reuters
Reuters
Әлемде коронавирусқа шалдыққандардың саны 32 млн-нан асты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әлемде коронавирусқа шалдыққандардың саны 32 млн-нан асты. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, соңғы кездері Израильде жағдай мәз емес. Бір тәулікте 7 мыңға жуық адам індеттің құрығына іліккен, деп хабарлайды Almaty.tv.

Осылайша Израильде коронавирусқа шалдыққандардың жалпы саны 200 мыңнан асты. Осыған орай ел премьер-министрі Биньямин Нетаньяху карантин шараларын қатаңдатпақ ниетте. Францияда да эпидемиологиялық жағдай қиындап келеді. Соңғы тәулікте 13 мың науқас анықталып, қырық адамдай қайтыс болған. Осыған сәйкес, жергілікті билік жаңа шектеу шараларын қайтадан енгізуге мәжбүр. Мамандар жақын арада аймақтың денсаулық сақтау саласы қиын жағдайға тап болуы мүмкін деп дабыл қағады. Қауіпті инфекция Бельгияда көбейсе де, жергілікті билік кей шектеу шараларын жеңілдете бастаған. Мәселен, қазанның 1-інен бастап тұрғындар масканы тек адамдар көп жиналатын жерде және қоғамдық көліктерде ғана тағуға міндетті. Ал вирус өршіп тұрған елді мекеннен келгендер үшін карантин мерзімі 14 күннен 7 күнге дейін қысқарды. Айта кетейік, соңғы аптада Бельгияда коронавирусқа шалдыққандардың саны 65 пайызға өскен.

Новости партнеров