Алматыда коронавирусты анықтайтын лабораториялар дезинфекциялық жұмыстарға байланысты жабылады. Себебі лабораторияның бірнеше қызметкерінен коронавирус анықталды. Бұл туралы Ұлттық сараптама орталығының директоры Арнұр Нұртаев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Нұртаевтың айтуынша, лабораториялардың жабылуына сол мекемедегі қызметкерлердің C0VID-19 жұқтыруы себеп болған.
«Лабораторияларда адамдар жұмыс істейді. Олар халықты тестілеуден өткізеді. Өкінішке қарай, қандай шаралар қолданылмасын, оларда вирус жұқтыру қаупі өте жоғары. Лаборатория қызметкерлері арасында вирус жұқтырған жағдайлар тіркелді. Сондықтан лабораториялар бірнеше күнге жабылады, дезинфекциялық жұмыстар жүргізу үшін», – деді Ұлттық сараптама орталығының директоры.