|
19.03.2020 | 16:04
8068

Мас тұрғын Алматыдағы блокпосттан баса-көктеп өтпек болған

Видео Instagram желісіндегі парақшалардың бірінде жарияланды

Мас тұрғын Алматыдағы блокпосттан баса-көктеп өтпек болған Тengrinews.kz

Мас тұрғын Алматыдағы блокпосттан баса-көктеп өтпек болған, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл мәліметті қалалық полиция департаментінің өкілдері растады.

Видео Instagram желісіндегі парақшалардың бірінде жарияланды. Видео кадрларынан бірнеше полицейдің ер адамды ұстамақ болып жатқан сәті көрінеді. Кейін ер адамды полиция көлігіне отырғызады.

Полиция департаментінің мәліметінше, бұл оқиға бүгін таңертең болған. №2 блокпостта полицейлер мас ер адамды ұстаған.

"Мас күйдегі ер адам полицейлерге бағынбаған. Ол қалаға өтіп кетпек болды. Қасында тұрған адамдарға да құрметсіздік танытқан. Экипаж шақырылды. Ер адамды Іле аудандық полиция басқармасына жеткізді. Ер адамға қатысты шаралар қабылданады", - деді полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир