Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 25 млн-нан асты
РБК
Қауіпті індеттен 842 702 адам көз жұмған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Дүниежүзінде коронавирустың жаңа түрімен ауырған адамдар саны 25 миллионнан асты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Бұған америкалық Джонс Хопкинс университетінің
мәліметтері дәлел. Аталған
университет пандемия басталғалы бері әлем бойынша вирусты жұқтырған адамдар
санын есептеумен келеді.
Аталған университеттің мәліметінше, қазір вирус
жұқтырғандар саны 25 009 250 адамды құрайды. Қауіпті індеттен 842 702 адам көз
жұмған. 16 411 400 науқас жазылып шыққан.
Вирус ең көп тараған елдердің көшін АҚШ бастап
тұр. Онда 5 961 582 адам коронавируспен ауырған. Одан кейін 3 846 153 науқаспен
Бразилия тұр. Үндістанда - 3 542 733 адам коронавируспен ауырған.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
31.10.2026 14:34
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суық тигенде қандай қателіктерге жол бермеу керек
31.10.2026 10:36
Баланың гаджетке тәуелді болып бара жатқанын қалай байқауға болады
31.10.2026 17:35