Жаһандағы коронавирус

21.12.2020 21:08

Алғашқы бестікте АҚШ, Үндістан, Бразилия, Ресей және Франция тұр

Фото: ашық дереккөзден

Ұлыбританияда коронавирустың жаңа түрі тарап жатыр. Жаңа штамм адамнан адамға тез жұғып, ішкі құрылыстағы органдарды тез зақымдайтын көрінеді. Еуропа елдері Ұлыбританиямен шекараларын жауып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алайда, коронавирустың бұл түрі Дания, Италия тіпті Австралияған дейін тарап кеткен. 

Ал, Сауд Арабиясы коронавирустың жаңа штаммына байланысты шекарасын бір аптаға жапты. Елдің билігі шұғыл жағдайдан басқа халықаралық әуе рейстерін бір аптаға тоқтатты, шектеуді тағы бір аптаға ұзартуы мүмкін деген шешім шығарды. Дегенмен елге қонып қойған ұшақтар корольдіктен ұшып кете алады. 

Жалпы әлемде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандардың саны 77 миллионнан асты. Алғашқы бестікте АҚШ, Үндістан, Бразилия, Ресей және Франция тұр. 1 миллион 700 мыңға жуық науқас дерттің құрбаны болды.