|
02.08.2021 | 16:08
3626

Алматыдағы эпидахуал одан сайын ушығып барады

Тұрғындардың денсаулығы мен өмірін сақтап қалудың жалғыз жолы – вакцина алу – Ә. Қалықова

Алматыдағы эпидахуал одан сайын ушығып барады nur.kz

Мегаполисте коронавирус жұқтырғандардың күнделікті тіркеуі 1500 жағдайдан асты. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы барысында Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv

Ә. Қалықованың айтуынша, шілдеде жұқтырғандар саны 25 500-ден асқан, жыл басынан бері Алматыда 81 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған. Соңғы төрт күнде 6 266 жұқтыру жағдайы тіркелді.

Алматы эпидемиологтары тамыз айында КВИ инфекциясының 34,5 мың жағдайын, қыркүйекте – 4,5 мың жағдайға дейін төмендеуін болжап отыр.

«Бір апта ішінде Алматыда КВИ ауруын тіркеу 1,5 есеге өсті – 6 397-ден 9 852 жағдайға дейін, күнделікті өсім 1,7% құрады. Өткен аптаға қарағанда симптомды науқастар үлесінің артуы 90%-дан 92%-ға өсті», деді Әсел Қалықова.

СЭБД басшысының орынбасарының айтуынша, жұқтырғандар санының өсуін тоқтату үшін қалада вакциналау қарқынын арттыру қажет.

«Бүгін біз жастар арасында дерттің асқынғанын және аурудың ауыр  түрін  тіркеудеміз. Бұл вирустың жаңа, жұқпалы штаммдарына байланысты. Инфекция тез таралады және жиі ауыр асқынуларға әкеледі. Оның таралуын тоқтатудың, тұрғындардың денсаулығы мен өмірін сақтап қалудың жалғыз жолы – коронавирусқа қарсы вакцинация», деп жалғастырды сөзін Ә. Қалықова.

Еске салсақ, қалада медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет және спорт нысандарында, базарларда және қаланың сауда ойын-сауық орталығында 167 екпе пункті бар. 1038 адамнан тұратын 234 екпе бригадасы жұмылдырылған.

Bólisý


Janalyqtar tizbegi