Қазақстанға ұшып келген 348 жолаушыда ПТР-тесті анықтамасы болмаған

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мәлімдеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтөбеге шетелден ұшып келген әуежолаушыларының 50%-дан астамында анықтама болмаған. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

2020 жылғы 5 желтоқсанында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Мысыр, БАӘ, Түркия, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 13 халықаралық әуе рейсі келді.

1 701 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 353, анықтамасыз 348 ҚР азаматтары келді.

Оның ішінде:

- Алматы қаласының әуежайына - 7 рейс, 1 024 жолаушы, анықтамамен - 838, анықтамасыз - 186;

- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына - 4 рейс, 437 жолаушы, анықтамамен - 396, анықтамасыз - 41;

- Ақтөбе қаласының әуежайына - 2 рейс, 240 жолаушы, анықтамамен - 119, анықтамасыз - 121.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантиндік стационарларға орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тестіленді. Барлық 348 азаматтың тест сынамалары теріс нәтиже көрсетті.

Новости партнеров