ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінде пандемия жағдайында мемлекеттік органдардың жұмысына қоғамдық мониторинг жүргізу туралы баспасөз конференциясы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жанындағы Республикалық арнайы мониторингтік топ төрағасының орынбасары Рафаэль Гасанов өз сөзінде эпидемиологиялық жағдай бойынша Алматының «қызыл аймаққа» өткенін ескере отырып, мониторингтік топтар жұмысының маңыздылығын атап өтті.
11-14 наурыз күндері Алматыда мониторингтік топтар 1500 нысанды тексеріп, карантин режимін бұзудың 180 оқиғасын анықтады. Заңды тұлғалар мен жеке тұлғаларға 8 млн теңгеден астам сомаға хаттамалар толтырылды.
«Негізінен жұмыс режимі, бетперде режимі бұзылады, сондай-ақ көптеген мекемелерде адамдар көп жиналады. Инфекцияны жаппай жұқтыру жағдайларына қарамастан, қала тұрғындары үйлену тойларын өткізуді жалғастыруда, онда бастарын қауіпке тігіп, қарт адамдар да келеді, ал жұқтырған жағдайда ауру әлдеқайда ауыр болады. Алматылықтарды жақындарына осындай қауіп төндірмеуге шақырамын. Үйлену тойынан немесе клубта болғаннан кейін 300 қатысушының әрқайсысы үйіне оралады, жақын адамдарымен байланысады, оларға жұқтыруы мүмкін», – деді Р.Гасанов тұрғындарға.
Рафаэль Гасановтың айтуынша, мониторинг топтарына күн сайын жұқтыру оқиғаларының көбеюі байқалатын бірқатар аудандарда бақылауды күшейту бойынша ұсыныстар берілген. Атап айтқанда, бұл Медеу, Алмалы, Бостандық және Әуезов аудандарының мониторингтік топтарының жұмысына қатысты, бұл аудандарда көңіл көтеру сипатындағы нысанар көп. Сондай-ақ, үй жанындағы сауда нысандарын, дәріханаларды, СОО, СҮ, базарларды (барахолка), авто және ТЖ вокзалдарын, әуежайды және қоғамдық көлікті тексеруді күшейту қажеттілігі атап өтілді.
Штаб күн сайын мобильді операторлардың деректері бойынша азаматтардың жиналатын орындарына талдау жасайтынын атап өтті. Мысалы, адамдардың көп жиналуын талдауға сәйкес, жаппай іс-шаралар негізінен Алмалы, Бостандық және Медеу аудандарында өткізіледі. Сондықтан аталған аудандарда мониторингтік топтардың саны ұлғайтылып, қаланың өзге аудандарында 150 нысанның орнына 270 нысан қамтылды. Жыл басынан бері барлығы 1067 тексеру іс-шарасы өткізілді, оның барысында 8420 нысан қамтылды, карантиндік шаралар бұзылған 749 объект анықталды. Сотқа барлығы 58 материал жіберілді.
Рафаэль Гасанов сондай-ақ соттардың кәсіпкерлік субъектілерінің карантиндік шараларды бұзғаны және тиісті шаралар қабылдағаны туралы материалдарды қарау рәсімінің ұзақтығын атап өтті.
«Кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты. Мен өзім мониторингтік топтардың құрамында карантиндік шаралардың сақталуын қайта-қайта тексеріп отырамын. Өкінішке қарай, сот шешіміне қарамастан, келушілер мен қызметкерлерді жұқтыру қаупіне итермелей отырып, 300-400 адамды жабық ғимаратта жинауды жалғастыратын бірқатар қасақана бұзушылар бар», – деді Рафаэль Гасанов.
- Осы алаңды пайдалана отырып, біздің депутаттарымызға және Әділет министрлігіне карантин шараларын жүйелі түрде бұзғаны үшін жазаны қатаңдату мүмкіндігін қарастырғым келеді».
Өз кезегінде бейне-конференц-байланыс жүйесі бойынша баспасөз конференциясына қатысқан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова қолдау білдіріп, жазаны қатаңдату бойынша осы бастаманы жазбаша ресімдеуді ұсынды. Бұл депутаттық сауалға бастамашылық ету үшін қажет.
«Денсаулықтарына қауіп төнгеніне қарамастан, нысандарды тексеретін бақылау топтарына «рахмет» айтқым келеді. Мен қазір белгіленген санитарлық нормаларды қасақана бұзғандарды жазалау тәсілдерін қайта қарау керек деген ұсынысыңызды жазбаша түрде негіздеуді ұсынамын», – деді Ирина Смирнова.