«Омикрон» белгілері бойынша ЖРВИ санатына жатады – мамандар

02.03.2022 21:56

«Омикронның» кең таралуы қауіпті «дельтаны» және ол штамнан болған өлім-жітімді азайтты

Almaty.tv

Белгілері бойынша «омикронды» жедел респираторлық вирустық инфекция санатына жатқызуға болады. Бұл туралы ресейлік сарапшылар мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Омикронның» кең таралуы қауіпті «дельтаны» және ол штамнан болған өлім-жітімді азайтты. Осы факторлар карантиндік шараларды жеңілдетуге мүмкіндік берді. Бірақ жағдай тұрақты деуге әлі келмейді дейді мамандар.

«Омикронға» қарсы бустерлік екпе алған адам 4-6 ай қалыпты өмір сүреді. Бірақ бұл уақыт өткеннен кейін не болатыны туралы айту қазір қиын. Ал вирус қайтып жұқпайды деген түсінік те қате», - деді Джордж Мейсон университеті жүйелік биология мектебінің профессоры Анча Баранова.

Еліміздегі эпидахуал бүгін де тұрақты. Қазақстан бойынша вирусты өткен тәулікте 260 адам жұқтырса, соның 90-ы – алматылық. Яғни, ел бойынша ең көп көрсеткіш осы. Ал Түркістан облысында бірде-бір жағдай тіркелмепті.