Алматылық дәрігерлер арқасында созылмалы ауруы бар науқасты емдеп жазды

02.03.2022 21:36

Нейрохирургтар алғаш рет 66 жастағы әйелге радиожиілікті абляция жүргізілді

Орталық қалалық клиникалық ауруханада нейрохирургтар алғаш рет 66 жастағы әйелге радиожиілікті абляция жүргізілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ОҚКА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Пациент емханаға келесі диагнозбен: Полисигментарлы остеохондроз, 5 жылға созылған созылмалы аурумен келген.

«Аталмыш диагноз көбінесе омыртқа жотасының ауруымен көрінеді. Біздің жағдайда пациент екі жағынан да созылмалы аурумен қиналды, бесінші және алтыншы омыртқадан және құйымшақ жағы 5 жыл ауырған.

Біз оған бір сәтте радиожиілікті абляция жүргіздік. Операция сәтті өтіп, операция кезінде біз нүктелі түрде 6 нерв жүйесін күйдірдік. Пацентте ауырғаны сезілмеді. Аталмыш ауыру синдромын әдістемесі шағынинвазивтілер қатарына жататынын атап өткеніміз дұрыс. Енді ауруханамызда жаңа құралды орнатқанның арқасында біз осындай операцияларды жүргізе аламыз», - деді аурухана нейрохирургы Ермек Сүлейменов.

Радиожиілікті абляция – бұл түрлі ортопедиялық аурушаңдық кезінде ауыру синдромының тез өршуіне әкеледі. Әрекет ету ұстанымы жүйкенің ақырының ауыратын нүктелерде жоғары жиілікте сәулеленуімен негізделген. Электр тогы тіннің шағын бөлігінің қызып кетуіне әкеледі, соның салдарынан жүйке ақыры коагуляцияланады (қыздырылады) және ауыру синдромы басылады. Маманның айтуынша, радиожиілікті абляция омыртқа және омыртқа мойны жағындағы созылмалы ауруларды емдеу үшін ғана емес, сондай-ақ, жамбас буыны мен тізе буынының артрозы кезінде, үштік жүйке невралгиясы мен басқа да аурушаңдықтарда қолданылады.

Пациент дәрігерлерге алғысын білдірді.

«5 жыл бойы қатты ауырып қиналдым. Невропатологқа, остеопатқа барып емделдім, емделмеген бармаған жерім жоқ. Ауырғаны уақытша басылады да қайтадан басталады. Осы жылдар бойы ауырсынуды басатын заттарда отырдым. Дәрігерлерге рахмет, олар өз ісінің шебері. Операция жасағанда қайта дүниеге келгендей болдым. Үлкен алғысымды білдіремін», – деп өз сезімдерін пациент бөлісті.