Олардың өтініштері өңірлік комиссияларда қаралды
Қайтыс болған дәрігерлердің отбасына өтемақы төлеу 13 қазанға дейін жүргізілуі тиіс. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов ведомствоаралық комиссияның отырысында медицина қызметкерлерінің қаза болу фактілері бойынша өтемақы төлеуді аяқтауды тапсырды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сондай-ақ, 17 қазанда кәсіби қызметін жүзеге асыру кезінде науқастанған дәрігерлерге өтемақы тағайындауды қамтамасыз етуді жүктеді. Олардың өтініштері өңірлік комиссияларда қаралды. Естеріңізге салайық, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкерлеріне үстемеақы төлеу кезінде Қазақстанда әлі де бюрократиялық кедергілер туындап жатқанын айтқан болатын. Президент дәрігерлер өздеріне тиесілі ақшаны сұрамауы керек деген еді.